"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы
29 қыркүйектегі № 286-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса беріліп отырған "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгізсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.