"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 284-ө-1 Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi бекітілсiн (бұдан әрi - тiзбе).
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бекітуiне енгізсiн.
2) тiзбеге сәйкес ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлесiн және бекiтсiн.