"Өрт қауіпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы
18 қазандағы № 306-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. "Өрт қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң тізбесi бекітiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгізсiн.