Дәрілік заттар туралы
Қазақстан Республикасының Заңын iске
асыру жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 326-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. «Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет қоса берiліп отырған нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекітуге енгiзсiн;
2) екi ай мерзiмде «Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қажеттi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.