"Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 25 қарашадағы № 346-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
1. Қоса берiліп отырған "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi тiзбе) бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) екi ай мерзiмде белгіленген тәртiппен тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметін хабардар етсiн.