Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркеу айырым және қосымша белгiлерiн салу ережесін бекіту және
қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 499 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының жұмысы туралы» заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркеу айырым және қосымша белгiлерiн салу ережесi бекітілсiн және қолданысқа енгiзiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 560 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркеу айырым
және қосымша белгiлерiн салу
ережелерi
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік және ведомстволық тиесiлiлiгiн анықтау үшiн әрбiр ұшу аппаратына (бұдан әрi - ҰА) тиiстi айырым белгiлерi салынады.
2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерiне айырым белгiлерiн салу тәртібін анықтайды.
3. ҰА-ның таным белгiлерi ретiнде ҰА бетiндегi осы Ережеде белгiленген орындарда салынатын тиiстi суреттер мен цифрлар орнатылады.
4. Өзiнiң тағайындалуы бойынша айырым белгiлерi негiзгi және қосымша болып бөлiнедi.
5. Негiзгi айырым белгiсi ҰА-ның Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлiлiгiн анықтайды.
6. Қосымша айырым белгiлерi әуе кемесiнiң тиiстi органға немесе әскери бөлiмге тиесiлiлiгiн анықтайды.
ҰА-ның қосымша айырым белгiлерi мыналар болып табылады:
1) борттық нөмiрлер;
2) жолақтар;
3) ерекше жазулар;
4) ерекше суреттер (қызыл жарты ай).
7. Әуе кемелерiндегi айырым белгiлерi жақсы көрiнетiн болуы тиiс.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.