Асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29қазандағы № 614 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі туралы Ережесі бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мал шаруашылығы Департаментіне (С.Ш.Сатығұл) жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2004 жылғы 29 қазандағы № 614
"Асыл тұқымды малдың мемлекеттік
тіркелімі туралы Ережесін бекіту"
бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымды малдың мемлекеттік
тіркелімі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малын мемлекеттік есепке алу асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) жазу арқылы жүзеге асырылады, оны асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірлейді және бекітеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (асыл тұқымды мал зауыттары, малды асылдандырушы шаруашылықтар және малды асылдандырушы орталықтар) асыл тұқымды малды мемлекеттік тіркеу объектілері болып табылады. Сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект емес жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі асыл тұқымды мал немесе асыл тұқымды табындары.
Мемлекеттік тіркелімге малды кіргізу негізі олардың "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңының 1-бабындағы 16) тармақшасының талабына сәйкестігі болып табылады.
2. Асыл тұқымды малды мемлекеттік есепке алу мынадай мақсаттар үшін жүргізіледі: