Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау
таңбаларымен таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысы
(2008.28.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы« Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi бекітілсiн.
2. 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап осы қаулыға қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрi - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндетті түрде таңбалау енгiзiлсiн.
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап алкогольдік өнімді жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-2 тармақпен толықтырылды
2-2. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.28.08. № 783 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылар, алкоголь өнімін сақтауды және сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндірістің алкоголь өнімін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2008 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды алкоголь өнiмiн отандық өндiрушiлер, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi:
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 495 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.11.03 № 177 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді
1) импортталатын алкоголь өнiмi бойынша келісім-шарттардың есебiн міндеттi түрде жүргiзе отырып, алкоголь өнiмiн өндiрушілерден, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардан және импорттаушылардан жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн;
ҚР Үкіметінің 2007.11.03 № 177 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) 2007 жылғы 1 мамырға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткізсін және тендердің жеңімпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-1 тармақшамен толықтырылды
2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымына бақылау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкнот фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердің жеңімпазынан алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бірінші легі алынғанға дейін есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келісім) жасассын;
3) есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін әзiрлесiн және бекiтсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының