Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы типтік ереженібекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орманжәне аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының
2004 жылғы 16 қарашадағы № 243 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 Бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметі туралы типтік ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.А.Хадыркеевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
комитеті төрағасының 2004
жылғы 16 қарашадағы № 243
бұйрығымен бекітілген
Аңшылық шаруашылық ұйымдарының
қорықшылық қызметі туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
1. Аңшылық шаруашылық ұйымдарының қорықшылық қызметі (аңшылық бірлестіктерін қосқанда) (бұдан әрі - Қорықшылық қызмет) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында (учаскелерінде) (бұдан әрі - бекітіліп берілген аумақтар) жүзеге асырылады.
Қорықшылық қызмет аңшылық шаруашылық ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
2. Қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылық ұйымдары өз қаражаты есебінен аңшылық шаруашылығын жүргізу және шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру шартында көзделген штат санында құрады.