Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы (2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалар өнеркәсiбiнiң инновациялық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшiн мынадай міндеттердi шешу көзделiп отыр:

саланы дамытуды ынталандыратын негізгі шараларды айқындау;

саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындау;

қазiргі жоғары технологиялық, бәсекеге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндiрiстердi құру.

 

5. Бағдарламаны iске асырудың негізгі

бағыттары мен тетiктерi

 

5.1. Саланы дамытуды ынталандыратын негізгі шараларды айқындау

ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 514 Қаулысымен 5-1. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

Құрылыс индустриясының базасын дамыту үшiн мынадай iс-қимылдар қабылдау:

бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):

сала өнiмiнiң барынша перспективалы түрлерiнiң тiзбесi бойынша қолданыстағы кедендiк ставкалар мен қорғау баждарының (бap болған кезде) деңгейiне талдау жүргізу;

сезiмталдық деңгейiн ескере отырып, тауарлардың топтары бойынша отандық өндiрiс салаларының құрылыс өнiмдерiн бөлуге талдау жүргiзу;

негiзгi шикiзат түрлерiнiң кен орындары қорларын нақтылау және өңiрлердегі кен орындарының кадастрына түзету жүргiзу, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары кәсiпорындарына мониторинг жүргізу және өңiрлiк жағдайларды ескере отырып, өндiрiстік қуатты тиiмдi орналастыру үшiн ұсыныстар дайындау жөнiнде шаралар қабылдану;

құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндiрiсi үшiн шикiзат кен орындарын игеру және өндiрiс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі нормативтiк-әдiстемелiк құжаттар әзiрлемелерiн ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге кепiлдiк беру;

салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу мен жұмыстарды жүргізу үшiн құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары саласында Стандарттау жөніндегі техникалық комитет құру;

қазiргі құрылыс материалдарын пайдалануды ынталандыратын стандарттарды iрiктеу, бұл құрылыс жұмысының сапасын арттыруға, жөндеу жөнiнде кейiнгі шығындарды төмендетуге мүмкiндiк бередi және өндiрiстiк желiлердi жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жандандыру үшiн сала кәсiпорындарын ынталандыруға, отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестiрудi қамтамасыз етуге алғышарт жасайды;

құрылыс материалдарын өндiру жөніндегі жұмыстарды орындайтын субъектілердiң қызметiн лицензиялаудың жүйесiн жетiлдiру, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қысқарту, техникалық аудит және мерзiмсiз лицензиялар беру рәсiмдерiн алып тастау;

шикiзаттың кен орындарының орналасуын және өндiрiс шығындарын, көлiктiк шығыстарды төмендетудi, өнiмдiлiктi және өндiрiстiң пайдалылығын арттыруға мүмкiндiк беретiн, олар шығаратын өнiмнiң тұтыну рыноктарын ескере отырып, өндiрiстік қуат объектiлерiн орналастыруды қамтамасыз ету;

екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):

шаруашылық жүргізудің жаңа ұйымдық-құқықтық нысандарын, бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық процестерді енгізуді ынталандыратын, өндірістің қалдықтарын өндірістік процестерде пайдалануға жәрдемдесетін, қалдықсыз технологиялардың басымдығын қамтамасыз ететін экономикалық жағдайлар мен реттеуіштер қалыптастыру.

жаңа технологиялар енгізудi, оның iшiнде «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ-пен кең көлемдi ақпараттық жұмыстарды жүргiзу арқылы қамтамасыз ету;

үшiншi кезеңде (2011-2014 жылдар):

құрылыс материалдарын шығару үшін республикада жиналып қалған өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату проблемаларын шешуді олардың қызметіндегі басымдықтардың бірі деп белгілеп, халық тұратын экологиялық ортаны жақсартуға және аумақты орнықты дамытуға алғышарттар жасай отырып, жұмыс істеп тұрған дербес ғылыми-зерттеу институттарын және ғылыми-өндірістік орталықтарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының тиісті бөлімшелерін тарта отырып, саланың ғылыми базасын дамыту;

шетелдiк мамандар мен консалтингтік компанияларды тарта отырып, жоғары және орта буын менеджерлерiнiң білiктiлiктiлiгін арттыру курсын қоса алғанда, құрылыс материалдарының өнеркәсiбi үшiн кадрларды даярлау жөнiнде шаралар қабылдау;

арнайы (төменгі) бағалар бойынша тiзбек iшіндегі өнiмнiң жылжуын ынталандыруға арналған бiр өндiрiстiк тiзбек iшіндегі бiрнеше кәсiпорындарды бiрiктiру (iрiлендiру және қосу) үшiн жағдай жасауды айқындау, бұл өндiрiстiк тiзбектiң аяғындағы жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық өнiмнiң бәсекеге қабілетін арттыруға алып келедi.

5.2. Саланы дамытуды мемлекеттік қолдаудың нысандары мен

әдiстерiн айқындау

Саланы дамытуды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру үшiн мыналар қажет:

бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):

атаулы шараларды қабылдай отырып, тiкелей мемлекеттiң қатысуын талап ететiн, даму институттарын тартуды көздейтiн iрi стратегиялық жобалардың тiзбесiн анықтау;

отандық өнiм өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлетiн арттыруға бағытталған құрылыс материалдарының өндiрiсi саласындағы жобаларды басымдықпен қолдау бойынша мамандандырылған акциялар өткізу арқылы акционерлік қоғамдарды тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу;

екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):

нормативтiк және құқықтық кесiмдердiң жүйесiн оңтайландыру, әкiмшiлiк реттеудi, оның iшiнде жергiлiктi деңгейде оңайлату, инвестициялық жеңiлдiктер мен артықшылықтар ұсыну, консультациялық көмек пен ақпараттық қамтамасыз ету арқылы iскерлiк белсенділікті дамыту үшiн қолайлы ортаны қамтамасыз ету;

жаңа, қазiргi заманғы құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыратын кәсiпорындарға ұсынатын артықшылықтар мен кепiлдердiң жүйесiн әзiрлеу;

салық ауыртпалығын төмендету бөлігінде бейiмделудiң жеңілдiк кезеңiн беру.

5.3. Қазiргі жоғары технологиялық, бәсекеге қабiлеттi және

экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен

құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндiрiстердi құру

ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 514 Қаулысымен 5-3. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi бойынша инновациялық және инвестициялық салаларда мыналар басым болып табылады:

бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):

қабырғалық материалдар өндiрiсiнде:

қолданыстағы өндiрiстердi жаңғырту және Батыс, Орталық және Оңтүстiк өңiрлерде қыш қабырғалық материалдар өндiрiсi жөнiнде жаңа зауыттар салу;

қазiргi жылытқыштар, кеуектi қыштар, ғаныш пен кеуек бетоннан жасалған бұйымдар негізiнде жылуға тиiмдi қоршау құрастырмаларын шығару жөніндегі өндiрiстi ұйымдастыру.

әрлеу материалдарының өндiрiсiнде:

жоғары тиiмдi әрлеу материалдары, және үй құрылысының заттары, гипс-картонды табақтар, ағаш жаңқалы тақталар, әртүрлi мастикалар, желiмдер, тығыздағыштар, сырлар, қыш тақталар, санитарлық техникалық бұйымдар, еден жабындары, линолеум өндiрiсiн дамыту;

активтi химиялық және минералдық қоспалары (бор, мәрмәр өндiрiсiнiң қалдықтары) бар құрғақ құрылыс қоспаларын шығару үшiн жоғары өнiмдi жабдықтар (модульдер) енгізу.

екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):

Жоғары маркалы цемент өндірісінде

Батыс, Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік өңірлерде жаңа цемент зауыттарын салу;

«Central Аsіа Сеmеnt» акционерлік қоғамының жұмыс істеп тұрған кәсіпорнында экология бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін прогрессивтік технологияларын енгізе отырып, цемент өндірісін жаңғыртуды және техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыру.

Құрылыс шынысы өндірісінде

Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында парақты, сәулеттік, жылтыратылған шыны шығаратын зауыттар салу.

Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісінде

шыны талшық, ісінген вермикулиттер, базальттар, көбікшынылар және басқалар негізінде жылу оқшаулағыш материалдардың тиімділігі жоғары түрлерін шығаратын жаңа зауыттар салу.

шатырлық, гидрооқшаулағыш және полимерлi

құрылыс материалдары өндiрiсiнде:

атмосфералық каучуктар, полимерлi мастикалық құрамдар негiзiнде битумды-полимерлi, эластомерлi материалдар өндiрiсiн ұйымдастыру;

экологиялық таза пенопласттар, пластмасса және шыны пластика құбырлар және фасонды бұйымдар, оқшаулағыш материалдар өндiрiсiн кеңейту.

металл прокат өндiрiсiнде:

қара металдардан жасалған тұтасқұймалы және жиналмалы темірбетон құрастырмалар үшiн сапалы арматуралы бұйымдар (сым, шыбықша, тор және т.с.с.) шығаруды ұйымдастыру.

үй құрылысы кәсiпорындарын реформалауда:

еңбек шығындарын азайтуды және өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін құрылыс құрастырмаларын шығару жөніндегі жоғары өнімді технологиялық желілерді енгізу.

үшiншi кезеңде (2011-2014 жылдар)

волластонит, iсiнген вермикулит, каолин және үй құрылысына арналған инженерлiк жабдықтар сияқты экспортты өнiмдер шығаруға бағдарланған жоғары технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi пайдалануға берудi жүзеге асыру.

 

ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 514 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет, кәсiпорындардың өз қаражаты, инвестициялар және басқа көздер қаражаты есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.

Бағдарламаны ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бөлігін қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады, шығындардың көлемі 100 млн. теңгені, оның ішінде жылдар бойынша: 2006 жылы - 47 млн. теңгені, 2007 жылы - 53 млн. теңгені құрайды.

2006-2007 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты шығыстарының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру кәсіпорындардың өз қаражаты, шетелдік және отандық инвесторлардың қаражаты, кредиттер есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде (2005-2007 жылдары) 50,3 млрд. теңгені; екінші кезеңде (2008-2010 жылдары) 206,1 млрд. теңгені құрайды.

ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 514 Қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

Қазақстан экономикасын дамыту отандық құрылыс индустриясын дамытудың ілгерлемелi болжамын жасауға мүмкiндiк бередi.

Жаңа технологиялар және жоғары өндiрушi жабдықтар енгізу материалды көп қажетсiнетiн, энергияны көп қажетсiнетiн және еңбектi көп қажетсiнетiн өнiмдердi азайтуға бағытталған, құрылыс материалдарының ассортиментiн кеңейту және сапасын жақсарту көзделiп отыр.

Құрылыс рыногын бағасы бойынша, сапасы мен сенiмділігі бойынша қолжетiмдi құрылыс материалдарымен, бұйымдарымен және үй құрылысы заттарымен толықтыру ең басты күтілетiн нәтижелердiң бiрi болуға тиiс.

Бағдарламаны іске асыру

бiрiншi кезеңiнде (2005-2007 жылдары):

құрылыс материалдары импортының көлемiн 380 млн. АҚШ долл. төмендетуге;

валюта қаражатының жыл сайынғы жылыстауын 120-170 млн. АҚШ долл. қысқартуға;

прогрессивтiк технологияларды енгізу есебiнен материалды қажетсiнетiн, энергияны қажетсiнетiн және еңбектi қажетсiнетiн өндiрiсті 25-30%-ға қысқартуға және өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге;

республикада саланың өндiрiстiк әлеуетiн одан әрi өсiру үшiн база құруға мүмкiндiк бередi.

Мынадай жаңа өндiрiстiк қуаттар құрылатын болады:

гипсокартон бойынша - жылына 24 млн. шаршы метр;

рудалық емес материалдар бойынша - жылына 2 млн. текше метр;

сырлар мен лактар бойынша - жылына 1 млн. тонна;

жылу оқшаулағыш материалдар бойынша - жылына 500 мың текше метр;

еден жабындары бойынша - жылына 14 млн. текше метр;

шыныпластик құбырлар бойынша - жылына 700 км;

қабырғалық материалдар бойынша - жылына 309 млн. шартты дана;

кеуекті блоктар бойынша - жылына 300 мың текше метр;

екiншi кезеңде (2008 - 2010 жылдары):

2010 жылға қарай құрылыс қажеттілігінiң көлемiнен 80-90%-ға дейiн құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалар өндiрiсi өнiмiнiң негiзгi түрiмен қамтамасыз етуге қол жеткізу;

экспортқа бағдарланған өндiрiстi игеру және сыртқы рынокта бәсекеге қабiлеттi құрылыс материалдарын шығаруды 60%-ға арттыру;

тиiмдi және экологиялық таза құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалардың ассортиментiн кеңейту;

мынадай өндірістік қуаттарды құру және ұлғайту:

жоғары сапалы цемент бойынша - жылына 5,7 млн. тонна;

құрылыстық парақты шыны бойынша - жылына 27 млн. шаршы метр;

кеуек бетоннан жасалған бұйымдар бойынша - жылына 1 млн. текше метр;

сұрыптық металл илегі бойынша - жылына 700 мың тонна;

үшінші кезеңде (2011-2014 жылдар):

волластонит, iсiнген вермикулит, каолин және үй құрылысына арналған инженерлiк жабдықтар сияқты экспортты өнiмдер шығаруға бағдарланған жоғары технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi пайдалануға берудi жүзеге асыру;

2014 жылдың аяғында 12 000-ға дейiн қосымша жұмыс орнын құру және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

нақты салықтың түсуiн арттыру жоспарланып отыр.

Бағдарламаны iске асырудан мультипликативтi тиiмдiлiк қызметтер көрсету аясының және экономиканың аралас салалары - машина жасау, металлургия және химия өнеркәсiбiнiң (технологиялық жабдық, қара және түстi металл, құрылыс материалдары мен бұйымдар өндiрiсi үшiн химиялық шикiзат) өсуiн қамтамасыз етуге, еңбек ресурстарын қамтудың деңгейiн, халықтың табысы және нәтижесiнде жиынтықты төлемге қабiлеттi сұранысты арттыруға мүмкiндiк бередi.

ҚР Үкіметінің 2007.19.06. № 514 Қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

8. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары,

бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың

2005 - 2007 жылдарға (І кезең) және 2008 - 2010

жылдарға (II кезең) арналған бағдарламасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары