Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы № 854 бұйрығы (2005.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын
аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы № 854
Бұйрығы

(2005.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж.21 мамырдағы № 291 бұйрығымен күші жойылды

 

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелері бекітілсін.

2. Орта білім департаменті (С.Есбосынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бақылау білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

Министрдің

міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2004 жылғы 22 қазандағы

№ 854 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру

ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу туралы

ережелері

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.27.07. № 507 Бұйрығымен ереженің мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

1. Жалпы ережелер

ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.27.07. № 507 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелері) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына әзірленді.

Осы Ереже мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік білім білім беру ұйымдарының

басшыларын аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттері

2. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттау - олардың кәсіби біліктілік, ғылыми-әдістемелік, құқықтық, қаржы тәртібі деңгейін және білім беру ұйымдарын тиімді басқару қабілетін анықтау жөніндегі мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.