Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға
биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетітөрағасының
2004 жылғы 8 қарашадағы № 106-п бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу Ережесі бекітілсін.
2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы (Сыздықов Н.Н.) осы бұйрықты Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары назарына жеткізсін.
3. Бұйрықтың орындалуына бақылау Комитет төрағасының Бірінші орынбасары Р.Ф.Сүлеймановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің
2004 жылғы 8 қарашадағы
№ 106-п бұйрығына қосымша
Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін
пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін (бұдан әрі - су жануарлары) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеудің тәртібін айқындайды.
2. Биологиялық негіздеме - су жануарларын пайдалануға немесе су жануарларымен олар мекендейтін ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге қызметке ғылыми негізделген қорытынды.
3. Биологиялық негіздеме әзірлеу мынадай жағдайлар мен мақсаттарда жүзеге асырылады: