Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 18 қарашадаға № 245 бұйрығы (күші жойылды)

Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа)
пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 18 қарашадаға № 245 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу ережесі бекітілсін.

2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы (Мұсабаев Қ.Ш.) осы бұйрықты облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасының орынбасары Н.А. Хадыркеевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық комитетінің

2004 жылғы 18 қарашадағы

№ 245 бұйрығымен бекітілген

Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су

жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық

негіздеме әзірлеу ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін (балықтан және өзге де су жануарларынан басқа) пайдалануға биологиялық негіздеме (бұдан әрі - Биологиялық негіздеме) әзірлеудің тәртібін айқындайды.

2. Биологиялық негіздеме - жануарлар дүниесін пайдалануға немесе жануарлар дүниесі объектілері мен олар мекендейтін ортаға ықпал ететін шаруашылық және өзге қызметке ғылыми негізделген қорытынды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.