Қазақстан Республикасында инфляциялық процестердi реттеу
жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004
жылғы 24 желтоқсандағы № 379-ө Өкімі
Инфляцияға қарсы кешендi саясатты әзiрлеу мен iске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасында инфляциялық процестердi реттеу жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асырылуы туралы есептi ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 30 шiлдеге және 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.