Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29-III Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;

15) 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-1) 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды

16-2) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

16-3) қатынас жолдарына әскери-техникалық талаптарды белгілейді;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 16-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

16-4) көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 16-5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

16-5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен бірлесе отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда

17) Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды

17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

17-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;

18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;

19) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;

21) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;

23) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;

2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21) жəне 26-22) тармақшалармен толықтырылды

26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;

26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;

2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 26-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;

26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 26-5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 26-5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қарулы Күштердің аумақтық әскерлеріне басшылық жасауды жүзеге асырады;

26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;

26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;

26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;

26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;

26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26-14) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-14) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 26-16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-16) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 26-18) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26-20) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-20) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы (әскери факультеттердегі) оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 26-23) тармақшамен толықтырылды; 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26-23) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-23) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату туралы шешім қабылдайды және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату қағидаларын бекітеді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 26-24) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 26-25) тармақшамен толықтырылды

26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 26-26), 26-27) және 26-28) тармақшалармен толықтырылды; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 26-26) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау жəне пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 26-27) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-27) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша жекеше əріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 26-28) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-28) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін əзірлейді;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 26-29) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-29) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 26-30) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-30) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 26-31) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 26-32) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

26-32) әскери қатынастар органдары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 26-33) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

26-33) әскери қатынастар органдарының қызметін ұйымдастырады;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 26-34) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

26-34) әскери-техникалық талаптарды сақтау бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабы 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату үшін жобалауға арналған тапсырманы және жобалау құжаттамасын келіседі;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26-35) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

26-35) Қорғаныс министрлігінің жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26-36) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

26-36) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді білім беру жеңілдіктерін алуға конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп бекітеді;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 26-37) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы:

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;

2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын әзірлейді;

4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;

5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1) Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді;

7) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) Қарулы Күштердi әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;

10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады;

10-1) 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;

13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасының жұмыс органы болып табылады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды

23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері

Қарулы Күштердің түрлері:

1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;

2) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

3) əскери басқару органдарын, əскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;

4) əскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, əскерлер (күштер) түрінде əскери тəртіптің жəне құқық тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

5) əскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 23-2-баппен толықтырылды

23-2-бап. Əскери атташелер аппараты

1. Əскери атташелер аппараты Қарулы Күштердің қарамағында жəне штат санында болады.

2. Шет мемлекетте əскери атташелер аппаратында əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекке ақы төлеу жəне оның шарттары, əлеуметтік қамсыздандыру жəне медициналық қамтамасыз ету мəселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.

3. Əскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен, теңестірілген лауазымдар бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде жəне тəртіппен жүзеге асырылады.

4. Əскери атташелер аппараты əскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына теңестіру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жəне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.

 

24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi

1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:

1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;

2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ұсынылған қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.

2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.

Қарулы Күштердің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.