Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығы
(2022.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекiтілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы» 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 42-құжат; 2003 ж., № 6, 60-құжат, № 46, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ алынып тасталсын;
2) 4-тармақта «осы Жарлықтың 3-тармағында көрсетiлген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженiң 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Ереженiң 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа,» деген сөздер алынып тасталсын.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының