«Жыныстық клеткаларды (гамет) сақтаудың және донорлығының
тәртібі мен шарттары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 624 бұйрығымен күші жойылды
«Адамның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепiлдiктерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған жыныстық клеткаларды (гамет) сақтаудың және донорлығының тәртібі мен шарттары туралы ереже бекітілсiн.
2. Емдеу-алдын алу iсi, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаментi (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.
3. Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тiркеуден өткiзгеннен кейiн оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықты iске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау Вице-Министрi С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Министрдiң