Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру
және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1037 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 Бұйрығымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін.
2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
4. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына (департаментіне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министрі Г.Н. Гамарникке жүктелсін.