Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ
кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29
тамыздағы N 311 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405; 25.12.99 ж.
N 444 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2001 ж. 6 тамыздағы N 299 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтың базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы" ереже бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Банктік қадағалау департаменті (Н.К.Абдулина):
а) заң департаментімен бірлесе отырып (А.К.Өртембаев) "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы" ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін:
б) осы Қаулыны және жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикаcы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумактық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсін.
| Ұлттық Банк Төрағасы | О. Жандосов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29
тамыздағы N 311 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Екінші деңгейдегІ банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі
есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ереже