(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесiн бекiту

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы

27 мамырдағы N 806 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 28 қаңтардағы N 96 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудiң ережесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2000 жылғы 27 мамырдағы N 806 қаулысымен

бекiтiлген

Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды

өтеудiң ережесi

Осы ереже, меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.

1. Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындарын жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеу

1. Жан басына шаққандағы норматив-медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады.

Жан басына шаққандағы норматив бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн (бұдан әрi - БМСК) жеке және заңды тұлғаларға мынадай шығындар:

қызметкерлердiң жалақысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.