(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы Қазақстан

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7

шілдедегі N 178 бұйрығы

Осы редакция ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 ж. 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Қағиданың 10 тармағының 7-тармақшасына сәйкес, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті ретке келтiру және оны мемлекеттiк қолдау мақсатында

Бұйырамын:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелерi;

2) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық ретiнде аттестациялау туралы заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшiнiң үлгiсi;

3) заңды немесе жеке тұлғаның элиталық тұқым өндiруші шаруашылық статусына сәйкестiгiн аттестациялау нәтижелерi туралы ведомствоаралық сараптама комиссиясының актісінің үлгісi;

4) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiк бланкiсiнiң үлгiсi бекiтiлсiн.

2. Егiншiлiк шаруашылығы департаментi, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармалары элиталық тұқым өндiруші шаруашылықтар тiзбесi бекiтiлгеннен кейiн бiрайлық мерзiмде әкiмдердің облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларымен (департаменттерiмен) және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аграрлық зерттеулер ұлттық орталығымен келiсiлген элиттұқшарлар бойынша элиталық тұқым өткiзудiң жылдық лимиттерiн бекiтуге ұсынсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.