"Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар
мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған
республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 29 желтоқсандағы N 1956 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама бекiтiлсін.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiндегі 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1956 қаулысымен бекітілген
"Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн
радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және
дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты
ғылыми-техникалық бағдарлама
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерүшiн радиоэлектрондық аспаптар мен
құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi:отандық аспап-сайман паркiн, соның
iшiнде ақпараттық-телекоммуникациялық
жүйелер үшiн құру мақсатында жоғары
технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн