Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы
N 741 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136; 14.04.03 ж. N 357
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 569 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекарасынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындау үшiн және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай мерзiмде оларды өткiзушi тұлғалардың санаттарына қарамастан, жеке тұлғалардың белгіленген нормаларға сәйкес тауарларды өткiзуiн бақылаудың тетiгiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының