Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 11 маусымдағы N 797 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2001 ж. 13.06.01 ж.
N 518 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 20 желтоқсандағы N 1336 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұрағат iсi саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мұрағат ісiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есеп тапсырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының