(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдар (селолар), кенттер әкiмдерiн

сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2001 жылғы 23 маусым N 633

Осы редакция ҚР Президентінің 2004 ж. 6 желтоқсандағы N 1484 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы 87-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық (селолық) округтер, ауылдар (селолар), кенттер әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережелерi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы:

2001 жылдың IV тоқсанында жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тәжiрибе ретiнде әкiмдер сайлауын тағайындасын, ұйымдастырсын және өткiзсiн;

сайлау өткiзiлетiн бiрыңғай күндi және сайлау өтетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң тiзбесiн облыстардың әкiмдерiмен келiссiн.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың әкiмдерi тәжiрибе ретiнде әкiмдер сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2001 жылғы 23 маусымдағы

N 633 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

 Ауылдық (селолық) округтер, ауылдар (селолар),
 кенттер әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң
 ережелерi

Осы Ережелер Қазақстан Республикасының ауылдық (селолық) округтерi, ауылдары (селолары), кенттерi әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң тәртiбiн айқындайды.

 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Ауылдық (селолық) округтер, ауылдар (селолар), кенттер әкiмдерiн сайлау тиiстi ауылдық (селолық) округтер, ауылдар (селолар), кенттер аумақтарында жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi. Жанама сайлау құқығы аталған әкiмдердi азаматтардың өз өкiлдерi - таңдаушылар арқылы сайлауы болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.