(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИН. САНАТ. МЕНШІК...10.08.01 Ж. № 31 БҰЙРЫҒЫ

Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық,

сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту

туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік

құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31

бұйрығы

Осы редакция ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы ж/гі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңын, 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.

2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

ТөрайымН. Сахыпова



Қазақстан Республикасының

Әдiлет министрлiгi

Санаткерлiк меншiк құқығы

жөнiндегi комитетi

төрайымының 2001 жылғы

10 тамыздағы N 31 бұйрығымен

бекiтiлген

Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған

лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi

туралы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 1001, 1031-баптарына, 1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңы 14-бабының 1-4-тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес әзiрлендi және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.