(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 11.12.01 Ж. № 148 БҰЙРЫҒЫ

Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 ж. 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығы

(ҚР Әділет министрінің 20.11.02 ж. № 167 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 154 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетіне жүктелсін.

4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.

Министр

Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп

Ережелері

1-Тарау. Жалпы ережелер

1. Түзеу мекемелерiндегi iшкi тәртiптiң осы Ережелерi (бұдан әрi Ереже) Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару және өтеудiң заңмен қарастырылған тәртiптерi мен шарттарын iске асыру үшiн, сотталғандардың заңды мүдделерiн, құқықтарын қорғау үшiн неғұрлым қолайлы жағдай тудыру мақсатында мекемелер қызметiн реттейдi.

2. Осы Ереженi бұзған адам белгiленген тәртiппен іске енген заңнамамен жауапқа тартылады.

2-Тарау. Сотталғандарды түзеу мекемелеріне

қабылдау тәртібі

1. Сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.