Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу
мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. N 153 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 246 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметін жетілдіру мен қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енеді.
Министр
"КЕЛІСІЛГЕН"