Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару
Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2001 ж. 11 желтоқсандағы N 151 бұйрығы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 1 наурыздағы N 35 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Заңнамасының талаптарына сай қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқаруды қоса беріліп отырған Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің Төрағасына жүктелсін.
3. Осы Бұйрық 2002 жыл 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
| Министр | И. Рогов |
Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен
байланысты емес жазалауды атқару туралы
Нұсқаулық
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқарудың тәртiбi мен шарттары мәселелерi жөнiндегi басқа құқық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
2. Сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды атқару соттың заңды күшiне енген үкiмiне, қаулысына, ұйғарымына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар (бұдан әрі - сотталғандар) Қылмыстық, Қылмыстық-атқару заңдылықтары белгiленген шектеулерiмен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын иеленедi және мiндеттерiн атқарады.