Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату
жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 мамырдағы N 569 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. N 59 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 54-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының