(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 14 МАУСЫМДАҒЫ № 644 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 және

2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы N 644 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:

19-тармақтың тоғызыншы абзацында "iшкi қызмет" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын.

2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ережеде:

19-тармақтың 3) тармақшасында "iшкi қызметтiң" деген сөздер "әдiлет" деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Комитеттiң басшы құрамының үлгi лауазымдары санаттарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтарының тiзбесiнде:

мәтінде "ішкі қызмет" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының