(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 13 МАУСЫМДАҒЫ № 639 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару

жүйесі комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 ж. 13 маусымдағы N 639 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" және "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құрылатын мемлекеттік мекемелердің штат санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиті шегінде белгілесін.

4. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасын орналастыруға арналған үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін.

6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 5-жолдағы "Алматы облысы" деген сөздің алдында "Алматы қаласы мен" деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 17-жолдағы "Алматы" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының