Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне
байланысты жекелеген мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 28 маусымдағы N 704 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.10.02 ж. N 1096; 29.10.02 ж. N 1148; 25.02.03 ж. N 202
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауында болған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар (бұдан әрi Кәсiпорындар) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауына берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтудi және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының