"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң
Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк
мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 17 шілдедегі N 795 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық ауруханасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң жарғысына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының