Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес
мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 7 тамыздағы N 883 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 87 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiмде шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияларды құрсын.
4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының