Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі
Ереженің бекітілуі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет
төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі N 66 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2003 ж. 25 ақпандағы N 14 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Конкурстық басқарушысын тағайындау және қызметінен шеттету жөніндегі қоса берілген Ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет Төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 66 бұйрығымен бекітілген
Конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету туралы
ереже