Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің
2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 18 наурыздағы N 337 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігi жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жыл мен жыл қорытындылары бойынша осы Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының