(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 27.12.02 Ж. № 76 БҰЙРЫҒЫ

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық

қадағалау туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының

2002 ж. 27 желтоқсандағы N 76 бұйрығы

Осы редакция ҚР Бас прокурорының 2004 жылғы 19 мамырдағы N 29 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін жоғарылату мақсатында "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18 және 30-б.б. басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы ұсынылып отырған Нұсқау бекітілсін.

2. Осы бұйрық пен Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті шаралар қабылдасын.

3. Бұйрық әскери прокурорға, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылғы 28 тамыздағы N 45, 2002 жылғы 30 мамырдағы N 26 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

2-сыныпты мемлекеттік

әділет кеңесшісі

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2002 жылғы 27 желтоқсандағы

N 76 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына

прокурорлық қадағалау туралы

НҰСҚАУ

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.