(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 20 НАУРЫЗДАҒЫ № 281 ҚАУЛЫСЫ

Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша

көзделген қаражатты пайдалану ережесiн және өкiлдiк шығындардың

нормаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 ж. 20 наурыздағы N 281 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. N 152 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi;

2) өкiлдiк шығындардың нормалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнің

2003 жылғы 20 наурыздағы

N 281 қаулысымен

бекiтiлген

Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы

бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.

2. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi шетелдiк делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезіндегi өкiлдiк мақсаттарға бөлінетін қаражат.

Өкiлдiк шығындарға:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.