(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИН. 22.05.03 Ж. № 337 БҰЙРЫҒЫ

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін

беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту

туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2003 ж. 22 мамырдағы N 337 бұйрығы

Осы редакция ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1118-н 2000 жылғы 24 сәуірде тіркелген) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес, мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелерін тағайындау үшін бұйырамын:

1. Ұсынылған Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Конкурстық комиссиясы жұмысының ережелері бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

Министрдің міндетін

атқарушы

"Мемлекеттік білім гранттары тағайындау

мен мемлекеттік білім несиелерін беру

жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының

ережелерін бекіту туралы" Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің

міндетін атқарушының

2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына

қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.