Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің
2003 ж. 19 маусымдағы N 458 бұйрығы
Осы редакция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N 9 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы 430-ІІ Заңының 7-бабын орындау үшін және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің мамандықтары мен лауазымдарын есепке алуды, дайындауды, регламенттеуді реттеу мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.