Денсаулық сақтау кадрларына жататын медициналық, фармацевтикалық,
ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық
қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдарының Тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2003 ж. 20 маусымдағы N 463 бұйрығы
Осы редакция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005.10.01. N 9 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-І Заңының 62-бабын орындау және денсаулық сақтау саласы мамандықтары мен қызметкерлерінің лауазымдарын есепке алуды ретке келтіру, дайындау, регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау кадрларына жататын, жоғары және орта білімді медициналық, фармацевтикалық, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлік-техникалық қызметкерлер мамандықтарының Тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.