Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жерді осы
аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі N 910 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1417 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасындағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн резервте сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебiн және мемлекеттiк кадастрын жүргiзу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 шiлдедегi N 973 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 337-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының