Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру жөнiндегi
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
2003 ж. 8 қазандағы N 245-ө өкімі
Осы редакция 2004 ж. 12 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк органдар Тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Су кодексiн iске асыру жөнiнде ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.
Қазақстан Республикасы