Стационарды алмастыру медициналық көмегін дамыту туралы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
2003 ж. 14 қарашадағы N 840 бұйрығы
Осы редакция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 899 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) стационарды алмастыру бөлімшелері (палаталары) қызметінің ережесі;
2) стационарды алмастыру бөлімшелерінде (палаталарында) көрсетілетін медициналық көмектің бағдарлары мен көлемдері бекітілсін.
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің), емдеу-алдын алу жұмыстарын жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында стационарды алмастыру бөлімшелерінің (палаталарының) жұмысын ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.