(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 18.05.04 Ж. № 552 ҚАУЛЫСЫ

Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөнінде

орталықтандырылған деректер банкін құру туралы Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының 2003 ж. 5 желтоқсандағы N 67 бұйрығы

Осы редакция 2004 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын қолдану кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкі құрылсын.

2. "Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы" қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин):

1) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құруды ұйымдастырсын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.