(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 14 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi

комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк

кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта

ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 8 қаңтардағы N 14 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Еңбек-Көкшетау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi "Еңбек-Көкшетау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн.

3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекiтiлуiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн:

1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген бөлiмiнiң "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" деген бөлiмшесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-22-жолмен толықтырылсын:

 "106-22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Көкшетау қаласы
 Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу
 мекемелерi "Еңбек-Көкшетау"
 республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
 (шаруашылық жүргiзу құқығында)";

2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 1-19-жолмен толықтырылсын:

"1-19. "Еңбек-Көкшетау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсiпорны".

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының