Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске
асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 256 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 тамыздағы N 914 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индустриялық-инновациялық саясатты нысаналы iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келiсiм бойынша) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнінен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкiметiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының