Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және
олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке
санаттарға қойылатын талаптар туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 21.08.04 ж. N 246 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына және 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатын болып белгіленсін:
1) рұқсат беру бастамашысы - соның бастамасымен бағалы қағаздарды қор биржасына айналысқа жіберуге рұқсат беретін ұйым;
2) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлауға және қолдап отыруға өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
3) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен осы бағалы қағаздардың эмитенттері енгізілгенде және болғанда листинг талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;
4) листинг компаниясы - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген компания;