Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы
күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 411 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 қыркүйектегі N 932 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шараларды уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн, 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне оларды iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының